Иракта қажылыққа бара жатқан 10 адам жол апатынан көз жұмды

402

Олардың ирандық жолаушылар болған.

Иракта қажылыққа бара жатқан 10 адам жол апатынан көз жұмды Фото: mehrnews.com

Ирактың оңтүстігіндегі Басра қаласы маңында екі автобус апатқа ұшырап, кем дегенде 10 қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz Mehr агенттігіне сілтеме жасап.

Олардың бәрі қажылыққа бара жатқан ирандық жолаушылар болған.

"Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілі дүйсенбі күні кешке қажылар мінген екі автобустың соқтығысқанын айтты. Кем дегенде үш адам жарақат алды. Зардап шеккендер жол апаты салдарынан жарақат алмаған тоғыз адаммен бірге Иранға жеткізілді", делінген хабарламада.

Агенттік оқиғаның себептері туралы ақпаратты жарияламады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу