Ирактың шығыс бөлігінде Ми-17 әскери тікұшағы апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, тікұшақ Васит провинциясында әскери оқу-жаттығу кезінде құлаған. Әзірге апат себептері белгісіз. Жергілікті басылымдар ол аймақта ешқандай лаңкестік топтың бекінісі жоқ екенін хабарлап жатыр.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу