Осылайша, Иран аймақтағы израильдік және америкалық университеттерге соққы беру мүмкіндігін растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Иран тарапы шабуылдар Исфахан техникалық университеті мен Тегеран ғылым және технология университетіне жасалғанын мәлім етті.
Айта кетейік, Парсы шығанағы елдерінде америкалық университеттердің бірқатар филиалы бар. Мысалы, Техас A&M университеті Қатарда, ал Нью-Йорк университеті Біріккен Араб Әмірліктерінде жұмыс істейді.
– АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы агрессиясының шынайы мақсаты – еліміздің ғылыми негізі мен мәдени мұрасын жою. Университеттерге, ғылыми-зерттеу орталықтарына, тарихи ескерткіштерге және көрнекті ғалымдарға жүйелі түрде соққы жасалып жатыр, – деп жазды Иран СІМ өкілі Эсмаил Багаи.
Егер АҚШ әкімшілігі өңірдегі университеттерінің аман қалғанын қаласа, 30 наурыз күні Тегеран уақытымен түске дейін университеттерді бомбалауды айыптауы тиіс. Мұндай хабарды Fars агенттігі Ислам революциясы сақшылар корпусының X әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлап отыр.
Аймақтағы америкалық университеттердің қызметкерлеріне, оқытушылары мен студенттеріне, сонымен қатар маңайдағы тұрғындарға кампустардан кемінде бір шақырым қашықтықта болу ұсынылған.
Иранның қатқыл хабарламасынан соң Бейруттағы Америка университеті алдағы екі күнге қашықтан оқыту форматына көшетінін мәлімдеді.
– Қазіргі уақытта университетке, оның кампустары мен медициналық орталықтарына бағытталған нақты қауіп бар екеніне дәлел жоқ. Соған қарамастан сақтық шарасы ретінде дүйсенбі мен сейсенбі күндері негізгі қызмет атқаратын қызметкерлерден басқа барлық жұмыс онлайн режимде жүргізіледі, – деді Ливан астанасында орналасқан жекеменшік оқу орнының басшылығы.