Иран америкалық F-35 жойғыш ұшағын атып түсірді

254

АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы ұшақтың шұғыл қонғанын растады. 

Иран америкалық F-35 жойғыш ұшағын атып түсірді Фото: tsn.ua

Иранның Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі америкалық әуе күштерінің F-35 ұшағын нысанаға алды. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылары корпусына сілтеме жасаған жергілікті БАҚ жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап. 

АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) өкілі Тим Хокинс ұшақтың шұғыл қонғанын растады. CNN телеарнасының хабарлауынша, әуе кемесі қауіпсіз қонған, пилоттың жағдайы тұрақты деп бағаланды. Хокинстің айтуынша, ұшақ Иран аспаны үстінде миссияны орындағаннан кейін қонған. Алайда оған не себеп болғаны айтылмады.

Наурыз айының басында Кувейтте бірнеше америкалық жойғыш ұшақ құлаған болатын. Америкалық әскери қызметкерлердің мәліметінше, үш F-15E ұшағы елдің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі тарапынан қателікпен атып түсірілген. Экипаждың алты мүшесі сәтті эвакуацияланып, оқиғадан кейін жағдайлары тұрақты болғаны айтылады. CENTCOM оқиғаның себептері әлі тергеліп жатқанын мәлімдеді.

The Washington Post газетінің жазуынша, АҚШ-тың F-15E ұшағын Кувейт ұшағы атып түсіруі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу