Иран әуе кеңістігіне қатысты маңызды шешім қабылдады

324

Ұшулар қолданыстағы авиациялық хабарламаларға сәйкес орындалады.  

Иран әуе кеңістігіне қатысты маңызды шешім қабылдады Фото: gov.kz

Иран билігі бұған дейін елдің әуе кеңістігіне енгізілген барлық шектеуді алып тастады. Бұл туралы Иранның Азаматтық авиация ұйымы хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

"Қауіпсіз жағдай қамтамасыз етіліп, тиісті мемлекеттік органдармен қажетті келісімдер жүргізілгеннен кейін ұшу шектеулері толықтай алынып тасталды. Елдің авиациялық қызметі жоспарға сәйкес біртіндеп қалыпты жұмыс режиміне қайта оралып жатыр", – делінген ұйымның мәлімдемесінде.

Билік әуе кеңістігінің толыққанды жұмысын қайта қалпына келтіру әуе компанияларына қалыпты ұшу кестесіне оралуға мүмкіндік береді деп есептейді. Сондай-ақ жолаушылар мен жүк тасымалын тұрақтандыру мақсаты да бар.

Ұшулар қолданыстағы авиациялық хабарламаларға сәйкес орындалады.

Бұған дейін Иран мен Израиль бір-біріне зымырандық соққылар жасаған болатын. АҚШ президенті Дональд Трамп тараптарды атысты дереу тоқтатуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу