Иран Беларусь еліне Батыс санкцияларын жеңуге көмектесуге уәде берді

506

Тегеран Минскімен санкцияларға қарсы тұру тәжірибесімен бөлісуге дайын.  

Иран Беларусь еліне Батыс санкцияларын жеңуге көмектесуге уәде берді Фото: eadaily.com

Бұл туралы Иран президенті Эбрахим Раиси Александр Лукашенкомен келіссөздер қорытындысы бойынша мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз осы бағыттағы тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз", - деді ол.

Сонымен қатар, Иран президенті Беларусь көшбасшысының бүгінгі сапары екіжақты қарым-қатынасты дамытудың бастапқы нүктесі болуы мүмкін екенін айтты.

Өз кезегінде Лукашенко екі ел қарым-қатынасындағы үзілісті ойдағыдай еңсеріп, бір келісімге келе алғандарын мәлімдеді.

"Бүгін біз екі ел арасындағы қарым-қатынас деңгейін егжей-тегжейлі талқыладық. Иран Президенті екеуіміз бұл тұрғыда біраз үзіліс болғанын мойындаймыз. Алайда бүгінгі кездесудің нәтижесінде біз бұл кідірісті сәтті еңсердік. Көп келісімге келдік", - деді Беларусь көшбасшысы.

Ол сондай-ақ Минск пен Тегеранның әділ көпполярлы әлем құру идеясына берілгендігін еске салды.

"Біздің халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелерге қатысты ұстанымдарымыз бен көзқарастарымыздың ұқсастығы қуантады. Ең бастысы, Беларусь пен Иран әділ көпполярлы әлем құру идеясын ұстанады", - деп атап өтті Беларусь көшбасшысы.

Александр Лукашенко соңғы рет Иранға 17 жыл бұрын келгенін атап өтті.

"Ешқандай санкциялар, ешқандай қысым Иран халқының тәуелсіздікке және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қозғалысын тоқтата алмады деп сеніммен айта аламыз. Біз Иран Президентімен санкциялар қайта ірі мүмкіндіктер уақыты деп ойлаймыз. Берілген уақытты тиімді пайдалану маңызды", - деп қосты ол.

12-13 наурызда Александр Лукашенконың Иранға ресми сапары өтіп жатқанын еске саламыз.

Келіссөздер барысында тараптар 2023-2026 жылдарға арналған елдер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың Жол картасына қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу