Иран билігі генералдың өлімі үшін АҚШ-тан кек алатынын мәлімдеді

1055

Ирактағы Бағдад халықаралық әуежайына бірнеше зымыран құлап, салдарынан Иранның арнайы жасақ генералы Касем Сулеймани қаза тапты.

Иран билігі генералдың өлімі үшін АҚШ-тан кек алатынын мәлімдеді

Тегеранда генералдың қазасынан кейін мыңдаған адам шеруге шықты. Жергілікті билік АҚШ-тан кек алатынын мәлімдеп отыр, деп хабарлайды Atameken Business шетелдік БАҚ-қа сілтемемен.

Айта кетейік, Ирактағы Бағдад халықаралық әуежайына бірнеше зымыран құлап, салдарынан Иранның арнайы жасақ генералы Касем Сулеймани қаза тапты. Ол осы елдегі Аятолла Хамениден кейінгі аса ықпалды тұлға болған еді.

Шабуылды Пентагон АҚШ Президенті Дональд Трамптың бұйрығымен жасаған. Жарылыс кезінде генералдан бөлек Ирактың шейіттік "Әл-Хашд аш-Шааби" ұйымының жоғары лауазымды тұлғалары да қаза тапты. Сонымен қатар Ирактың 12 әскери қызметкері жарақат алды.

Ирак билігі дрон арқылы жасалған шабуылды Ирактың дербестігін бұзу деп санайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу