Бұған дейін 2026 жылғы әлем чемпионатына Иран құрамасының бақ сынауын АҚШ футбол федерациясы қолдаған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министрдің сөзінше, елдегі жағдай футболшылардың жіті дайындығына мүмкіндік бермей отыр.
– Көшбасшымыздың қазасынан және елге қарсы жасалған әрекеттерден соң әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндігіміз жоқ. Соңғы 8-9 ай аралығында Иранға қарсы екі рет соғыс ашылып, салдарынан мыңдаған азаматымыз қаза тапты. Осы жайттардан соң біз әлем чемпионатына қатыса алмаймыз, – деді Доньямали.
Еске салайық, жаһандық футбол мундиалы 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Иран құрамасы G тобында бақ сынауы керек еді. Бұл топта Бельгия, Египет және Жаңа Зеландия командалары бар. Ол матчтар Лос-Анджелес пен Сиэтл қалаларында ұйымдастырылуы мүмкін. Әзірге Иран ұлттық құрамасының орнын қай команда басатыны белгісіз.