banner

Иран билігі жаппай наразылықтар кезінде қаза тапқандардың саны туралы ресми түрде хабарлады

710

Алайда құқық қорғаушы ұйымдар мен Иран билігі жариялаған ресми деректер сәйкес келмейді.  

Иран билігі жаппай наразылықтар кезінде қаза тапқандардың саны туралы ресми түрде хабарлады Фото: static.exk.kz

Бұл туралы Associated Press ирандық әскери басшыға сілтеме жасап хабарлады.

Ислам революциясының күзет корпусы командирлерінің бірі Амир Али Гаджизаданың айтуынша, наразылықтар кезінде 300-ден астам адам, оның ішінде қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері қаза тапқан. Ол құрбандар арасында наразылық акцияларына қатыспаған қарапайым ирандықтар барын айтты.

Ал "Ирандағы құқық қорғаушылар" ұйымы (HRAI) ақпараты бойынша, тәртіпсіздіктер барысында 451 наразылық білдіруші мен 60 қауіпсіздік қызметкері қаза тапқан. 18 мыңнан астам адам ұсталып, қамауға алынған.

Осы күзде Иранда жаппай наразылықтар басталды. Оған қыркүйек айында Тегерандағы метро станцияларының бірінде хиджабты дұрыс кимегені үшін полиция қызметкерлері қолынан қаза тапқан жас әйел Махсы Амини оқиғасы түркі болды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу