Оның айтуынша, Таяу Шығыстағы әскери оқиғаларға байланысты Қазақстан мен Орталық Азия үшін тікелей қауіп жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты Juzmedia порталына сілтеме жасап.
Журналистер: "Соғыс салдары Қазақстан шекарасына дейін жетуі мүмкін бе?", – деген сұрақ қойған.
"Қазақстан үшін ешқандай қауіп жоқ. Тек болашақта Иранда тұрақсыздық немесе жаппай тәртіпсіздік орнаса, Орталық Азия аймағы үшін белгілі бір қауіп туындауы мүмкін. Ондай жағдайда Таяу Шығыстан экстремистер мен террористердің ену қаупі пайда болуы ықтимал", – деді елші.
Сондай-ақ БАҚ өкілдері Каспий теңізіндегі кеме қатынасының қауіпсіздігі туралы сұрақ қойған. Елшінің сөзінше, Каспийдегі қауіпсіздікке ең алдымен жағалаудағы мемлекеттердің өздері жауапты.
Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, шабуылдар салдарынан Иранда кемінде 1300 адам қаза тапқан, олардың арасында елдің жоғарғы жетекшісі Әли Хаменеи де бар.