Иран Елшісінің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы аяқталды

316

Осыған орай Сыртқы істер министрлігінде кездесу өтті.  

Иран Елшісінің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы аяқталды Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукарды дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар Иран Елшісінің Қазақстандағы үш жылдық дипломатиялық қызметінің қорытындыларын, екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы жетістіктерді, сондай-ақ өзара қызығушылық танытатын салалардағы қазақстандық-ирандық іс-қимылды одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады.

Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды дәйекті түрде іске асырудың, сондай-ақ тұрақты саяси диалогты сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.

А.Исағалиев А.Джоукардың Қазақстан мен Иран арасындағы достық қатынастарды нығайтуға және өзара іс-қимылды кеңейтуге қосқан үлесін жоғары бағалап, Иран Елшісінің Қазақстандағы қызметі кезеңіндегі белсенділігін айрықша атап өтті.

Өз кезегінде, А.Джоукар дипломатиялық миссиясы барысында көрсеткен қонақжайлығы мен қолдауы үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдіріп, Мемлекет басшылары айқындаған Қазақстан-Иран қатынастарын дамыту бағытының одан әрі жалғасатынына сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу