Иран генералының өлімінен кейін мұнай бағасы шарықтады

954

Иракта АҚШ шабуылынан Иран генералы Касем Сулейманидің өлімі туралы жаңалықтан кейін әлемде мұнай бағасы қымбаттады.  

Иран генералының өлімінен кейін мұнай бағасы шарықтады

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:00-де Brent маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстері 3,42 процентке қымбаттап, баррелі үшін 68,34 долларға жетті, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Ал WTI маркалы мұнайдың ақпанға фьючерстері 3,13 процентке қымбаттап, бір баррелі үшін 63,03 долларға жетті.

Айта кетейік, Бағдад әуежайын АҚШ әскерлерінің зымыранмен атқылауынан Иран генералы Касим Сулейманидің өмірін жалмаған болатын. Сулеймани Ислам революциясы сақшыларының корпусы "Кудс" арнайы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Осыған дейін АҚШ әскерлерінің Бағдад әуежайын зымыранмен атқылап жатқанын хабарлаған едік. Айта кету керек, Ислам революциясы сақшыларының корпусы Иран армиясының ресми бөлігі болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу