Иран Хаменеиді жерлеу рәсімін кейінге қалдырды

121

Аймақтағы жағдай шиеленіскен күйінде қалып отыр. 

Иран Хаменеиді жерлеу рәсімін кейінге қалдырды Фото: BBC

Иран билігі марқұм жоғарғы көшбасшы Аятолла Әли Хаменеиді жерлеу рәсімін ел аумағындағы америкалық және израильдік соққылардың жалғасуына байланысты кейінге қалдырды. Қоштасу рәсімі Тегеранда өтуі тиіс болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Хаменеи әуе шабуылы кезінде қаза тапқан. Ол 1989 жылдан бері, Рухолла Хомейниден кейін Иранды басқарған.

Иран Конституциясына сәйкес, жаңа жоғарғы көшбасшыны Сарапшылар кеңесі сайлайды. Үміткерлер анықталғаны айтылғанымен, шешім әлі жарияланған жоқ.

Сонымен қатар, Израиль қорғаныс армиясы Иран аумағындағы нысандарға соққылар жалғасып жатқанын мәлімдеді. Иран да жауап ретінде Израильге және аймақтағы АҚШ базаларына зымырандар мен дрондар ұшырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу