Иран Иракқа әуе рейсін қалпына келтірді

161

Алғашқы ұшақтар Тегеран және Мешхед қалаларынан Наджаф қаласына ұшып барды.   

Иран Иракқа әуе рейсін қалпына келтірді Фото: AFP

Әуежай әкімшілігінің мәліметіне қарағанда, алғашқы күндері тәулігіне тек 3 рейс қатынаса, кейін бұл көрсеткіш күніне 40 рейске дейін артады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Иран мен Ирак арасындағы әуе қатынасының тоқтауына 8 қыркүйекте АҚШ-тың Ислам республикасының азаматтық авиация секторына қарсы енгізген санкциялары себеп. Тек Ирак қана емес, Оман, Әзербайжан және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты аймақтағы өзге де елдер Иранмен әуе байланысын шектеуге мәжбүр болды.

Алайда Ирак үкіметі АҚШ-пен сәтті келіссөздер жүргізіп, гуманитарлық және діни мақсаттар үшін Наджаф әуежайына қатынауға ерекше рұқсат алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу