Иран Израиль мен АҚШ-қа тиесілі бірқатар әскери нысандарға соққы жасады. Анкарадан тараған мәліметке сәйкес, Ислам революциясы сақшылары корпусы Кувейттегі HIMARS қондырғыларынан бөлек, Бахрейннің солтүстігінде орналасқан Patriot әуе қорғаныс жүйелеріне және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі америкалық әскери қызметкерлер шоғырланған аймақтарға да соққы жасалғанын хабарлады.
Ислам революциясы сақшылары корпусы мәлімдеуінше, бұл шабуылдар АҚШ пен Израильдің әрекеттеріне жауап ретінде басталған "Берік уәде 4" операциясының 95-кезеңі аясында жүзеге асқан. Осы кезеңде Израиль мен АҚШ аумағындағы нысандарға жаңа соққылар жасалған.
Шабуылдар кезінде Кувейттегі Бубиян аралындағы HIMARS жүйелерімен қатар, Бахрейндегі Patriot кешендері және БАӘ аумағындағы Сил-Банех өңірінде орналасқан америкалық жоғары лауазымды әскери басшылар мен нұсқаушылар жиналған орын да нысанаға алынған.
Сондай-ақ зымыран соққылары нәтижесінде БАӘ-дегі америкалық Oracle технологиялық компаниясының орталығы, Израильмен байланысты кеме және Бахрейндегі Халифа бин Салман порты зақымданғаны айтылуда.
Бұдан бөлек, Израильдегі Бней-Брак, Петах-Тиква, Тель-Авив, Рамат-Ган және Кирьят-Шмона қалаларындағы нысандар да көпзарядты зымырандармен үздіксіз атқыланған.
Шабуыл толқыны әлі де жалғасып жатыр.