Оның сөзінше, Тегеран ядролық қару жасау мақсатын жасырын түрде жалғастырып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сол себепті ол "Иран Израиль мемлекетін жою ниетінен әлі де бас тартпады" деп мәлімдеді.
Бірқатар халықаралық БАҚ Моссад басшысының Иран ядролық бағдарламасына және Израильді жою идеологиясына тоқталғанын жазған. Әсіресе, АҚШ-пен бірлесіп Иранның ядролық инфрақұрылымына ықпал етуі айтылады.
– Иран әлемді тағы да алдауға болады деп ойлайды. Израиль нашар ядролық келісімге жол бермейді. Израильді жоюды мақсат еткен, уранды әскери мақсатта байытқан елге мүмкіндік беруге болмайды, – деп нақтылады Барнеа.
Ол Иранның ядролық жобасын қайта жандандыруға мүмкіндік бермеудің Израиль мен АҚШ үшін маңызды екенін еске салған.
Сонымен қатар Барнеа Иран билігінің әлем бойынша, әсіресе еврей нысандарына қарсы терроризмді қолдап отырғанын айтты. Террорлық әрекеттер Израиль халқының рухын сындыруды көздейді, десе де Израиль барлау қызметінің басшысы бұл мақсаттың жүзеге аспайтынына сенімді.