Иран Израильге жауап ретінде зымырандармен соққы жасады

119

Иран Израиль мен АҚШ-тың операциясына жауап ретінде жаппай шабуыл бастағанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Иран Израильге жауап ретінде зымырандармен соққы жасады Фото: Mash

The New York Times және Clash Report деректеріне сүйенсек, Израиль аумағына кемінде 30 баллистикалық зымыран ұшырылған. Олардың бірі Тель-Авивке жеткені хабарланды.

Израильдің әуе қорғаныс жүйелері Хайфа үстінде алғашқы зымырандарды қағып түсірді. Сонымен қатар Йемен тарапынан да баллистикалық зымыран ұшырылғаны тіркелді.

Шабуыл басталған сәтте Иран билігі Тегеран мен өзге де ірі қалаларда интернет пен ұялы байланысты толық өшірді. Шұғыл көмек тек жер асты қорғалған бөлімдерде көрсетілуде.

Reuters мәліметінше, АҚШ қақтығыс ауқымының кеңею қаупіне байланысты Қатардағы "Әл-Удейд" әуе базасы мен Бахрейндегі Бесінші флот нысандарынан қызметкерлерінің бір бөлігін шұғыл эвакуациялай бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу