Иран кеме қатынасы ережесін қайта қарастырмақ

240

Иран парламенті АҚШ пен Израиль кемелеріне Ормұз бұғазы арқылы өтуге тыйым салатын заң жобасын қарастырып жатыр.  

Иран кеме қатынасы ережесін қайта қарастырмақ Фото: adyrna.kz

Құжатқа сәйкес, бұл елдерге қатысы бар кез-келген жүк түрін өткізуге де шектеу қойылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл тыйымның күші Иран ислам республикасына қарсы әскери іс-қимылдарға қатысқан елдерге да тарамақ. Ал заңды бұзғандар айыппұл төлеуге міндеттеледі. Бұл ақпараттан кейін әлемде мұнай бағасы 3 пайызға өсті.

Brent сұрыбының баррелі 82,49, ал америкалық WTI 77,29 долларға дейін қымбаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу