Иран МАГАТЭ бақылауын уақытша шектеді

292

Бұл туралы елдің Атом энергиясы ұйымының басшысы Мохаммад Эслами мәлімдеді.  

Иран МАГАТЭ бақылауын уақытша шектеді Фото: report.az

Иран қақтығыс кезінде зақымданған ядролық нысандарына халықаралық мамандарды әзірге кіргізе алмайды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Атом энергиясы ұйымының басшысы Мохаммад Эсламидің айтуынша, шабуыл жасалған аумақтарда қауіп әлі толық сейілмеген. Сондықтан МАГАТЭ тексеруін бастамас бұрын жұмыстың арнайы тәртібі әзірленуге тиіс.

Айта кетейік, Тегеранның бірқатар ядролық кешені АҚШ пен Израильдің әуе соққыларынан зиян шеккен еді. Агенттік былтырдан бері 60 пайызға дейін байытылған 440 келі уранның нақты қайда екенін растай алмай келеді.

Сарапшылар халықаралық бақылау болмаса елдің қазіргі ядролық әлеуетін нақты бағалау қиын деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу