Иран МАГАТЭ өкілдеріне ядролық нысандарын тексертеді

360

Иран билігі Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік мамандарына ядролық нысандарды тексеруге рұқсат береді.  

Иран МАГАТЭ өкілдеріне ядролық нысандарын тексертеді Фото: EPA-EFE/ABEDIN TAHERKENAREH

Бұл туралы ұйым басшысы Рафаэль Гросси мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Ол Тегеранға жасаған сапары барысында Иран президенті  Ибрахим Раисимен және сыртқы істер министрі мен ядролық энергия бойынша ұлттық агенттік басшысымен кездескен. Иранмен арадағы келісімге 2015 жылы қол қойылған болатын. Онда Иран уран өндіруді азайтуға, ал халықаралық қауымдастық Тегеранға салынған санкцияларды жеңілдетуге міндеттенген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу