АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің мәлімдеуінше, тараптар арасында ортақ келісімге қол жеткізілмеген.
Келіссөздер Пәкістан астанасы Исламабадта өтіп, 21 сағаттан астам уақытқа созылған. Дегенмен, Тегеран АҚШ ұсынған талаптарды қабылдаудан бас тартқан.
– Біз ирандықтармен мазмұнды пікірталастар жүргіздік, бұл – жақсы жаңалық. Бірақ негізгі мәселе бойынша келісімге келе алмадық. Бұл жағдай Иран үшін АҚШ-қа қарағанда әлдеқайда күрделірек болуы мүмкін, – деді Джей Ди Вэнс.
Оның айтуынша, Вашингтонның басты талабы – Иранның ядролық қару әзірлемейтініне нақты кепілдік беру. Алайда келіссөз барысында АҚШ тарапы Тегераннан мұндай міндеттемені көрмеген.
Вице-президент АҚШ Президенті Дональд Трамптың негізгі мақсаты Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу екенін атап өтті.
Келіссөздер нәтижесіз аяқталғаннан кейін Джей Ди Вэнс Пәкістаннан кеткені хабарланды.