Иран мен Алжир Израильге қарсы майдан құрмақ

457

Иран президенті Ибрагим Раиси Алжир Президентімен телефон арқылы сөйлескен кезде Израильге қарсы майдан құру қажеттілігін мәлімдеді.  

Иран мен Алжир Израильге қарсы майдан құрмақ Фото: img2.eadaily.com

Бұл туралы Pars Today агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Сионизмге қарсы майдан құру қажеттілігі бұрынғыдан да өзекті болып отыр", - деді Раиси.

Иран мен Алжирдің аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша, әсіресе Палестина мәселесінде ұстанымдары ортақ.

"Палестина халқы Рамазан айында Израиль режимінің қатыгездігінен зардап шегіп жатыр, ислам елдерінің ынтымақтастығымен біз Палестина халқын сионистік езгіден босатамыз деп үміттенемін", - деді Алжир Президенті Абдельмаджид Теббун әңгіме барысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу