Иран мен Ирак мұнай-газ кен орындарын бірлесіп игеруге келісті

551

Келісім энергетика саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ мұнай және газ кен орындарын бірлесіп игеруді көздейді.

Иран мен Ирак мұнай-газ кен орындарын бірлесіп игеруге келісті Фото: inbusiness.kz

Иран мен Ирак мұнай-газ кен орындарын бірлесіп игеру туралы келісімге қол қойды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы ИРи мемлекеттік теледидарында Иран мұнай министрі Джавад Оуджи хабарлады.

Оның айтуынша, келісім энергетика саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ мұнай және газ кен орындарын бірлесіп игеруді көздейді.

"Келісім шеңберінде сондай-ақ газ және мұнай құбырларын салу, Ирак мұнай өңдеу зауыттарын қайта құру және жаңғырту көзделіп отыр", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу