Иран мен Израиль аумағында неше қазақстандық бар?

355

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израиль мен Иран аумағында неше қазақстандық өмір сүріп жатқанын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Иран мен Израиль аумағында неше қазақстандық бар? Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі

"Израиль мемлекетінің аумағында консулдық есепте тұрған 123 Қазақстан азаматы бар. Оның ішінде Қазақстан елшілігі қызметкерлері мен жанұя мүшелері де бар. Бірақ кейбір расталмаған деректер бойынша Израильде қосымша 100-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Олар консулдық есепке мүлдем тұрмаған. Бірақ енді бір-бірімен неше түрлі чаттарда, әлеуметтік желі арқылы араласып жатады, сол арқылы біліп жатамыз. Ондай азаматтардың консулдық есепке тұруға мәжбүрлей алмаймыз", - деді Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз мәслихатында.

СІМ ресми өкілі Израиль астанасындағы халықаралық әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұрғандықтан келіп-кету шектелмегенін еске салды.

"Иранда консулдық есепте тұрған Қазақстан азаматтарының жалпы саны 104 адам болып отыр. Оның ішінде Қазақстан елшілігінің қызметкерлері және солардың жанұя мүшелері бар. Бұған қоса Иран аумағында жұмыс істейтін қазақстандық компаниялардың бірінде 174 қызметкер бар. Олар вахталық тәсілмен жұмыс істегендіктен консулдық есепке тұрмайды. Олардың бәрімен тікелей байланыс орнатылған, бәрі бақылауда", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу