Иран мен Сауд Арабиясы арасында сауда байланыстар жаңғырды

557

Бұл туралы Иранның өнеркәсіп, шахта және сауда министрі Сейед Реза Фатеми Амин хабарлады.

Иран мен Сауд Арабиясы арасында сауда байланыстар жаңғырды Фото: google

Тегеран Эр-Риядпен сауда байланысының қайта жанданғаны туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Екі елдің өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрлігінің өкілдері тауарларды экспорттау процесін бастады", - деді Амин.

Иранның Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян және оның Сауд Арабиясындағы әріптесі Файсал бин Ферхан 6 сәуірде Бейжіңде өткен кездесу аясында өзара елшіліктер ашуға, әуе қатынасын қалпына келтіруге және визалық режимді жеңілдетуге келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу