Иран мешіт күмбезіне қызыл ту іліп, соғыс жариялады ма?

719

Иран билігі Кум қаласындағы Джамкаран мешітінің күмбезіне ту тікті. 

Иран мешіт күмбезіне қызыл ту іліп, соғыс жариялады ма? Фото: google

Бұл әрекет соғыс жариялаумен тең, деп хабарлайды inbusiness.kz mk.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

The Wall Street Journal хабарлағандай, Иран жақын арада Сауд Арабиясы мен Ирак Күрдістанына шабуыл жасауы мүмкін. Патшалық АҚШ-пен барлау мәліметтерімен бөлісіп, Иранның шабуылы туралы ескертті, нәтижесінде американдық күштер жоғары дайындық жағдайына көшті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Тегеран АҚШ, Ұлыбритания, Израиль мен Сауд Арабиясын елде наразылық ұйымдастырды деп айыптаған болатын.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу