Омикрон: Иранға 15 күнге кіруге тыйым салынды

893

Елде локдаун 2 аптаға созылады деп жоспарланып отыр. 

Омикрон: Иранға 15 күнге кіруге тыйым салынды

Иран омикрон штамының жылдам тарауына байланысты көрші елдермен шекарасын жапты, деп хабарлайды inbusiness.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Билік 25 желтоқсаннан бастап көрші мемлекеттермен құрлықтағы шекарасын 2 аптаға жапқан.

"Коронавирусқа қарсы ұлттық комиссия мен Ішкі істер министрлігінің шешіміне сәйкес, бүгіннен бастап шетелдіктерге Иранға 15 күнге кіруге тыйым салынды", – деді кеден басқармасының өкілі Рухолла Латифи Fars агенттігінің тілшісіне.

Ол карантин шектеулері Түркия, Ауғанстан, Пәкістан, Әзербайжан, Армения және Иракқа қатысты екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Иранға тек студенттік, медициналық, жұмыс визасы барлар және елде тұруға рұқсат алғандар кіре алады. Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биыл 19 желтоқсанда елде омикрон инфекциясын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу