Иран Ормуз бұғазында "қара тізімге" енгізілген кемелер санын 56-ға жеткізді

232

Бұл туралы елдің Парсы шығанағын бақылау басқармасы (PGSA) хабарлады.  

Иран Ормуз бұғазында "қара тізімге" енгізілген кемелер санын 56-ға жеткізді Фото: Reuters

Иран тағы 11 кемені Ормуз бұғазынан өту ережелерін бұзғаны үшін "қара тізімге" қосып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты "Анадолы" агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған кемелер болашақта бұғаздан өтуге талпынса, айыппұл, ұстап қалу немесе тәркілеу шараларына тап болуы мүмкін. Сонымен қатар "қара тізімдегі" кемелермен әріптестік орнатқан өзге кемелер де шектеуге ұшырайды.

2 қыркүйектегі дерек бойынша, тізімде барлығы 56 кеме бар. Олардың қатарында сұйытылған газ, мұнай тасымалдаушы танкерлер және ADNOC Logistics (БАӘ), Navig8, Bahri (Сауд Арабиясы) компанияларына тиесілі кемелер бар. Сондай-ақ Қытаймен байланысты екі кеме де енгізілген.

24 тамызда Иран 45 танкерді ережелерді бұзғаны үшін тізімге қосқан болатын. Ел билігі бұғаздағы қозғалысты АҚШ пен Израильдің 28 ақпандағы шабуылынан кейін шектеген еді.

17 маусымда АҚШ-пен меморандумға қол қойылған соң қозғалыс қайта ашылғанымен, 8 шілдеде келісім орындалмағандықтан соғыс қайта басталып, 12 шілдеде бұғаз қайта жабылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу