Иран Өзбекстанға Үнді мұхитына шығуға жол ашады

589

Иран Өзбекстанға Үнді мұхитына шығуды қамтамасыз етеді.  

Иран Өзбекстанға Үнді мұхитына шығуға жол ашады

Мұндай уағдаластыққа екі елдің президенттері Шавкат Мирзиеев пен Ибрахим Раиса Самарқандта өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) саммиті аясында қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz uff.uz-ға сілтеме жасап. 

Келіссөздер барысында тараптар бірқатар құжаттарға қол қойды, сондай-ақ елдер арасындағы тауар айналымын $1 млрд-қа дейін ұлғайту туралы уағдаласты.

Өткен жылы бұл көрсеткіш 73%-ға өсті. Биылғы жылы өсім баяулап, жыл басынан бері 15%-ды құрайды.

Алайда келіссөздердің басты нәтижесі – Өзбекстанның Үнді мұхитының жағасында орналасқан Иранның "Чабахар" портын пайдалануға мүмкіндік беретін келісімнің бекітілуі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу