Иран Пәкістанға әуе шабуылын жасады

407

Екі бала қаза тапты.

Иран Пәкістанға әуе шабуылын жасады Фото: ZUMA Press

Иран Пәкістандағы суннит содырларына соққы жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Пәкістан сыртқы істер министрлігі әуе соққысынан екі бала қаза тауып, үш бала жараланғанын мәлімдеді.

Пәкістан билігі Тегеранның Исламабадтағы бас дипломатын "әуе кеңістігін себепсіз бұзғанына" наразылық білдіру үшін шақырды.

Министрлік шабуыл туралы қосымша мәлімет бермеді. Бірақ Пәкістанның әлеуметтік желілерінде зымыран мен ұшқышсыз ұшақтар екі ел арасындағы 1000 шақырымдық шекарада орналасқан Белуджистан провинциясы нысанаға алынғанын хабарлады.

Иран соққы сүнниттердің "Джейш әл-Адл" содырларының базасына бағытталғанын хабарлағанымен, ирандық БАҚ-та шабуыл туралы ақпарат лезде жоғалып кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу