Иран парламентінде энергетикалық дағдарыс талқыланып жатқанда жарық сөнді

103

Бұл туралы Iran International басылымы хабарлады.  

Иран парламентінде энергетикалық дағдарыс талқыланып жатқанда жарық сөнді Фото: iranintl.com

Иран парламентіндегі энергетика комитетінің отырысы кезінде елдегі энергиямен қамту мәселелері талқыланып жатқанда электр қуаты өшіп қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға энергетикалық дағдарысқа арналған жиын кезінде болған. Отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері мен электр энергетикасы саласының мамандары қатысты.

Жиында елдегі электр қуатының соңғы кездегі үзілістерінің себептері және халық пен өнеркәсіпті тұрақты энергиямен қамтамасыз ету шаралары қаралды. Маңызды тақырыпты қызу талқылау кезінде парламент ғимаратында электр жарығы сөніп, отырысқа кедергі келтірді.

Fars агенттігінің мәліметінше, электр қуатының өшуі жоспарлы болған. Электр энергиясы 2 сағатқа ажыратылған. Агенттік хабарлағандай, жиынға мұнай және энергетика министрліктері басшыларының орынбасарлары да қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу