Иран Ресейге көмектессе, оған АҚШ санкция салады

695

12 шілдеде Джо Байденнің кеңесшісі Джейк Салливан Иран Ресейге жүздеген соққы дрондарын беруді көздеп отыр деп айтқан болатын.

Иран Ресейге көмектессе, оған АҚШ санкция салады Фото: reuters.com

Егер Иран Ресейге ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды жіберіп көмектессе, оған АҚШ дереу санкция салатынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Нед Прайстың мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Иранның ұшқышсыз технологияны Ресейге беруіне қатысты алаңдаушылық білдіреміз. Біз жағдайды бақылап отырмыз. Бұрын енгізілген санкциялар күшінде қалады. Егер Тегеран дрондарды Ресейге жіберсе, біз жаңа шектеулер енгіземіз. Басқа елдер де осындай шешім қабылдайды", – деді Прайс.

12 шілдеде Джо Байденнің кеңесшісі Джейк Салливан Иран Ресейге жүздеген соққы дрондарын беруді көздеп отыр деп айтқан болатын. 18 шілдеде Ресей Иранмен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қоятыны белгілі болды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу