Иран Ресейге лаңкестік шабуыл жасалатынын білген

349

Тіпті алдын ала ескерткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Иран Ресейге лаңкестік шабуыл жасалатынын білген Фото: news-lev4and.ru

Басылымның мәліметінше, Иран "Крокустегі" жасалған шабуылдың алдында Ресейге ірі "террорлық операция" өтуі мүмкін екені туралы ескерткен.

"Ресейдегі лаңкестік әрекеттен бірнеше күн бұрын Тегеран Мәскеумен Ирандағы жарылыстарға байланысты тұтқындалғандардан жауап алу кезінде алынған Ресей аумағында болуы мүмкін ірі лаңкестік акт туралы ақпаратты бөліскен", – дейді агенттік дереккөздерінің бірі.

Вашингтон бұған дейін Мәскеуге лаңкестік әрекет қаупі туралы ақпарат жібергенін мәлімдеген.

Ресей билігі мұны бейресми түрде растағанымен, мемлекеттік БАҚ-қа бұл ақпараттың нақты емес екенін мәлімдеген. Ал АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Линн Трейси бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды.

"Ресей билігіне берілген жазбаша ақпарат нақты, дер кезінде және сенімді болды", – деді Линн Трейси.

Иран барлау қызметі қаңтарда Керман қаласындағы 100-ге жуық адамның өмірін қиған жарылыстарға қатысы бар деген күдікпен 35 адамды ұстағанын хабарлады.

"Иранда тұтқындалған лаңкестердің бірі топтың кейбір мүшелері Ресейге кетіп қалғанын айтты", – дейді Reuters дереккөзі.

Агенттік дереккөзінің айтуынша, Тегеранның Мәскеуге алдағы шабуыл туралы берген ақпаратында уақыт пен мекен жайы туралы нақты мәліметтер болмаған.

Мәскеудегі Крокус Сити Холлға жасалған террорлық шабуылдың артында "Ислам мемлекеті" ұйымы тұр деген АҚШ-тың мәлімдемелеріне қарсы шыққан Ресей бұл шабуылға Украинаның қатысы бар деген пікірде. Киев бұл нұсқаны үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу