Иран Ресеймен бірлесіп ақпараттық қауіпсіздік саласында келісім дайындауда

571

Құжат ішінде кіріспе, 9 бап, қосымша бар.  

Иран Ресеймен бірлесіп ақпараттық қауіпсіздік саласында келісім дайындауда Фото: Reuters

Иранның Ислам консультативтік кеңесі Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі парламенттік комиссияның Иран мен Ресей арасындағы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бойынша заң жобасына қатысты баяндамасын мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты IRNA агенттігіне сілтеме жасап.

"Осы заң жобасының бір бабы негізінде Иран Ислам Республикасының үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі арасындағы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім мақұлданады. Оның ішінде кіріспе, 9 бап, қосымша бар және ол бойынша құжаттармен алмасуға рұқсат етіледі", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу