Иран Ресеймен визасыз режимге көшуге дайын

437

Иран Ресеймен виза режимін толығымен жоюға дайын, қазір мұны іс жүзінде жүзеге асыру үшін ирандық шенеуніктердің тиісті шешімдері күтілуде.

Иран Ресеймен визасыз режимге көшуге дайын Фото: РБК

Бұл туралы Иранның Мәскеудегі елшісі Казем Жалали "Известия" газетіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

Дипломат Иран мен Ресей қазір визасыз топтық туристік сапарлар туралы келісімді жүзеге асыруда алғашқы қадамдар жасап жатыр.

"Екі ел арасындағы визаларды толығымен алып тастауға келетін болсақ, Иран Ислам Республикасында бұл қадамға — мемлекеттеріміздің азаматтары екі ел арасынжа еркін жүруі үшін визаларды алып тастауға толық дайын екенін атап өткім келеді. Әрине, біз шенеуніктерден тиісті шешімдерді күтеміз, содан кейін бұл шаралар бекітіліп, іс жүзінде жүзеге асады", — деді Жалали.

Ресей мен Иран 2023 жылы екі ел арасындағы визасыз топтық туристік сапарлар туралы келісімді жүзеге асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлады осы жылдың наурыз айында Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрі Максим Решетников. Келісім 2021 жылдың 1 шілдесінде жасалды. Оның шеңберінде екі елдің азаматтары 15 күннен аспайтын мерзімге 50 адамға дейінгі топтардың құрамында туристік мақсатта визасыз басқа елге бара алады. Сонымен Ресей мен Иран арасындағы визасыз топтық туристік алмасу 1 тамыздан бастап басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу