Иран "Сорайя" жер серігін ғарышқа шығарды

290

Бұл Ислам революциясының сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштері салған қатты отын түріндегі спутниктік тасымалдаушы.

Иран "Сорайя" жер серігін ғарышқа шығарды Фото: livejournal.com

Иран "Сорайя" спутнигі төмен биіктіктегі Жер орбитасына сәтті шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Иран ғарыш агенттігіне тиесілі "Сорайя" спутнигі "Qaem-100" үш сатылы қатты отын зымыран тасығышының көмегімен сәтті ұшырылып, 750 км биіктікке орбитаға шығарылды", – делінген Иран Үкіметінің хабарламасында.

Елдің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Иса Зарепур қараша айының соңында Иран 5 жаңа спутникті биылғы 20 наурызға дейін ғарышқа ұшыруды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу