Иран соты АҚШ-тан 245 миллион доллар өндіріп алу туралы қаулы етті

810

Иран соты АҚШ-тан 245 миллион доллар өндіріп алу туралы қаулы етті

Иран соты 1987 жылғы ирактың химиялық шабуылынан зардап шеккендерге және олардың туыстарына өтемақы ретінде АҚШ-тан $245 млн өндіріп алу туралы қаулы етті, деп хабарлайды kaztag.kz.

Соттың ресми өкілі Голам Хосейн Мохсени Эджейиннің айтуынша, химиялық шабуылдан зардап шеккен бір топ адам сотқа шағым берген, солардың 18-нің талаптары қанағаттандырылды. Олардың арасында химиялық шабуылдан қаза тапқандардың туыстары мен денсаулықтарына зиян келгендер бар. 
Екі жақтан да шамамен 1,5 млн адамның өмірін қиған Иран мен Ирактың арасындағы соғыс 1980 -1988 жылдары жалғасты. 8 жылда ондаған қала қирады, Ирактың материалдық шығыны $200 млрд, Ирандыкі – $400 млрд. болды. Соғыс нәтижесінде екі тарап та өздерінің не саяси не стратегиялық мақсаттарына қол жеткіза алмады. 
1987 жылы иранның солтүстік-шығысындағы, негізінен курдтер мекен ететін Сердешт қаласына ирак авиациясы иприті бар (қыша газы) бомбаларды тастады. Шабуылдан 10 адам қаза болды, 600 адам зардап шекті. Мыңдаған адам сол химиялық қарудан зардап шекті. Сердешт Ирак химиялық қару қолданған бірінші қала болды. 
1994 жылы АҚШ конгресінің сенатында Иракқа Иранмен соғысы кезінде екі мақсатта пайдалануға болатын химико-биологиялық өнім экспортталғаны туралы баяндама жарияланды. Бірақ 2002 жылы конгресте Иракқа қатысты тыңдауларда Пентагон басшысы Дональд Рамсфелд бәрін теріске шығарып, онда "АҚШ компаниялары не үкіметі Иракқа химиялық қару немесе ядролық қару жасауға көмектескені туралы" мәлімет жоқ деп мәлімдеді.  
2004 жылы Иран соты Сердешт тұрғындпарына өтемақы ретінде АҚШ-тан $600 млн талап ететіндігі туралы үкім шығарған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу