Иран соты атып түсірілген украиналық Boeing-ке қатысы бар 10 әскери адамды бас бостандығынан айырды

403

"Тур М-1" әуе қорғанысы жүйесінің бас басқарушысы 13 жылға бас бостандығынан айырылды және қаза тапқандардың отбасыларына ақшалай өтемақы төлеуге міндеттелді. 

Иран соты атып түсірілген украиналық Boeing-ке қатысы бар 10 әскери адамды бас бостандығынан айырды Фото: utro.ru

Иран соты 2020 жылы атып түсірілген украиналық Boeing 737-800 "Украинаның халықаралық авиакомпаниялары" (МАУ) ұшағына қатысты істе 10 әскери қызметкерге қатысты айыптау үкімін шығарды, деп жазады inbusiness.kz IRNA-ға сілтеме жасап.

Жиырмадан астам сот отырыстарынын қорытындысы бойынша, "Тур М-1" әуе қорғанысы жүйесінің бас басқарушысы 13 жылға бас бостандығынан айырылды және қаза тапқандардың отбасыларына ақшалай өтемақы төлеуге міндеттелді.

Айыптау актісіне сәйкес, басқарушы командалық пункттің бұйрығына қарсы, ешқандай рұқсатсыз, ұшақты "жау нысаны" көріп, Тегераннан Киевке бара жатқан украин ұшағына екі зымыран атқан.

Оқиға кезінде "Тур М-1" әуе қорғанысы басқармасының тобында қызмет еткен істің тағы тоғыз қатысушысы 1,5 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Иран соты қосымша шаралар қабылдады, оған сәйкес тоғыз айыпталушы, сондай-ақ бас айыпталушы, қайтыс болған әрбір адам үшін туыстарына 150 мың доллар көлемінде ақшалай өтемақы төлеуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу