Иран Таяу Шығыстағы қауіпсіздікті Ресей қамтамасыз еткенін қалайды

810

АҚШ жасаған қысымнан зәрезап болған Иран билігі Ресейден көмек күтеді. Мәскеуде кездескен аталған елдердің сыртқы істер министрлері сауда және экономикалық байланыс мәселелерін бірлесіп шешетін болды.

Иран Таяу Шығыстағы қауіпсіздікті Ресей қамтамасыз еткенін қалайды

Екі елдің өзара доллармен есеп айырысқанына қарамастан, бүгінде екі ел арасындағы сауда айналымы жарты жылда 17%-ға өскен, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазір дипломаттар Еуропамен ядролық келісімге қатысты мәмілені жаңартып, қарым-қатынасты бұрынғы қалпына келтіруге тырысып жатыр. Ислам Республикасының елшілері осы мақсат үдесінен шығу үшін Францияда да келіссөз жүргізуде.

"Ресей мен Иран – АҚШ тарапынан қысымға ұшыраған елдер. Америкалықтар cыртқы экономикалық байланысты бұғаттау арқылы  қысым жасап отыр. Біз сауда-экономикалық байланысты сақтау жолдарын бірлесіп қарастыратын боламыз",– дейді  РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу