Иран Түркияға тағы зымыран атты

112

Баллистикалық нысанды НАТО қорғаныс жүйесі қағып түсірді.     

Иран Түркияға тағы зымыран атты

Зымыран қалдықтары Газиантеп қаласының маңына түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Адамдар зардап шеккен жоқ. Ғимараттарға да зақым келмеген. Жергілікті тұрғындар зымыран жойылған сәтте жойқын жарылыс дыбысын естіген. Қазір оқиға орнында полиция мен төтенше жағдай қызметі тексеру және тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Түркия билігі Иранды аймақтағы қауіпсіздікке нұқсан келтіретін әрекеттен бас тартып, жағдайды дипломатиялық жолмен шешуге шақырады.

Еске сала кетейік, Иран өткен аптада тағы бір зымыран ұшырып, бөлшектері Түркияның Хатай провинциясына түскен еді. Алайда оны да НАТО-ның әуе қорғаныс жүйесі жойған.

"Иранға тағы да ескертеміз. Олар заңсыз әрекетін тыйып, мұндай қадамға бармау керек. Бірнеше күн бұрын да Түркияға бағытталған зымыран соққысынан кейін Тегеранға қатаң ескерту жасағанбыз. Олар соған қарамастан Түркиямен достық қарым-қатынасқа нұқсан келтіретін арандатушылық әрекетке қайта барып отыр. Сол себепті біз мән-жайды НАТО-дағы одақтастарымызбен және басқа елдермен талқылаймыз. Сондай-ақ қауіпсіздігімізді күшейту үшін қажетті қосымша шараларды қабылдаймыз", – деп мәлімдеді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу