Иран Украинаны Каспий теңізіндегі сауда кемесіне жасалған шабуылға айыптады

319

Оқиға салдарынан кеме бортында жарылыс болып, экипаждың бір мүшесі қаза тапқан, тағы бірі жараланған.

Иран Украинаны Каспий теңізіндегі сауда кемесіне жасалған шабуылға айыптады Фото: canva

Иран Украина Каспий теңізіндегі өзіне тиесілі сауда кемесіне шабуыл жасады деп мәлімдеді.Тегеран бұл әрекет БҰҰ Жарғысының мемлекеттер арасындағы қарулы күш қолдануға тыйым салатын 2-бабын бұзады деп есептейді. Алайда Иран СІМ шабуылға ұшыраған кеменің атауын жариялаған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.

Иран тарапы Украина билігі шабуыл жасалғанын мойындады деп мәлімдеп, Киевтің Иранға қатысты "дұшпандық ұстаным" танытып отырғанын айтты. Осыған байланысты Украинаның Ирандағы уақытша сенімді өкілі Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Тегеран ұлттық қауіпсіздігі мен мүдделерін қорғау үшін қажетті шараларды қабылдайтынын жеткізді.

Өз кезегінде Иран Ресей мен Украина арасындағы соғысқа араласпағанын алға тартты. Дегенмен 2022 жылдың қарашасында Тегеран Ресейге ұшқышсыз ұшу аппараттарын жеткізгенін растаған болатын. Иранның мәліметінше, дрондар Украинадағы соғыс басталғанға дейін берілген, ал кейін Ресейге дрондар мен зымырандар жеткізілмеген.

Украина бұл айыптауларға ресми жауап берген жоқ. Алайда Украина президенті Владимир Зеленский 25 шілдеде Каспий теңізіндегі алыс қашықтыққа жасалған соққылардың нәтижелі болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, соққылар Иран мен Ресей арасында әскери жүктерді тасымалдауға пайдаланылған кемелер мен бір әскери кемеге бағытталған.

Сол күні Украина Қауіпсіздік қызметі халықаралық санкцияға іліккен әрі Иран мен Ресей арасында әскери жүктерді тасымалдаған жүк кемелеріне дрондармен соққы жасалғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу