Иран валютасы құнсызданды

504

Қазір 1 АҚШ доллары 600 мың риалға тең. Қаңтарда инфляция деңгейі 53,4 пайызға жеткен.  

Иран валютасы құнсызданды Фото: khabar24.kz

Елдегі дағдарысқа бірнеше фактор әсер етті, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Былтыр қыркүйекте орамал тақпады деген желеумен қамауға алынған 22 жастағы әйелдің түрмеде өлтірілуі жаппай наразылық тудырды. Сондай-ақ, Тегеран, Ресейге дрондарды сатып жатыр деген Батыс елдері санкция легін күшейтті.

Кілем делдалы Насер Азимидің айтуынша, 1 доллар 600 мың риалға бағаланып жатыр. Шетелден тауар алсаңыз, оны қазір тиімді бағаға мүлде сата алмайсыз. Өйткені сырттан қымбатқа алып, елдің ішінде арзанға беруіңіз керек. Сондықтан саудадан береке кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу