Иран зымыраны Түркияның әуе кеңістігінде жойылды

144

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. 

Иран зымыраны Түркияның әуе кеңістігінде жойылды Фото: x.com/anadoluajansi

НАТО-ның әуе және зымыранға қарсы қорғаныс күштері Түркияда Ираннан ұшырылған баллистикалық зымыранды қағып түсірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркияның ұлттық қорғаныс министрлігі Ираннан ұшырылған және елдің әуе кеңістігіне бағытталған баллистикалық зымыранның тоқтатылғанын растады. Зымыран Ирак пен Сирияның әуе кеңістігінен өтіп, кейін Шығыс Жерорта теңізінде НАТО әуе және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелері арқылы жойылған. 

Министрлік мәлімдемесіне қарағанда Хатай облысының Дөртёл ауданында табылған оқ-дәрі сынықтары нысананы ұстау үшін қолданылатын әуе қорғаныс жүйелеріне тиесілі. 

Министрлік мәліметінше, Хатай облысының Дөртёл ауданында табылған оқ-дәрі сынықтары әуе қорғаныс жүйелеріне тиесілі. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Анкара елдің және азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілеті жоғары деңгейде екенін атап өтті. Сонымен қатар Түркия аймақтық тұрақтылық пен бейбітшілікті қолдайтынын, бірақ өз аумағы мен әуе кеңістігін қорғау үшін барлық қажетті шараны қабылдайтынын мәлімдеді.

Мәлімдемеде Түркия кез келген дұшпандық әрекеттерге жауап беру құқығын өзіне қалдыратыны және барлық тарапты аймақтағы шиеленісті ушықтыруы мүмкін әрекеттерден бас тартуға шақыратыны көрсетілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу