Иранда әдет-ғұрып полициясы таратылды

622

Иранда шерулерге байланысты әдет-ғұрып полициясы таратылды.  

Иранда әдет-ғұрып полициясы таратылды Фото: hromadske.radio

Бұл туралы осы елдің Бас прокуроры мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Сондай-ақ, билік хиджаб киіп жүруге қатысты заңды қайта қарауға ниетті. Себебі елде қыркүйек айында басталған наразылық шаралары әлі де жалғасып жатыр. Толқуларға Махса Амини есімді студент қыздың өлімі себеп болды. Бойжеткен дәл осы әдет-ғұрып полициясы хиджабты дұрыс кимедің деп ұстап, учаскеге апарғанда көз жұмады. Содан шерулер басталып, полициямен қақтығыстар жиіледі. 300-ден аса адам қаза тауып, 14 мыңнан аса кісі қамауға алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу