Иранда Әли Хаменеиді жерлеу рәсімі кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

201

Хаменеимен соңғы қоштасу және оны жерлеу рәсімі 9 шілдеде Мешхед қаласында өтеді. 

Иранда Әли Хаменеиді жерлеу рәсімі кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі Фото: Anadolu Agency

Тегерандағы "Имам Хомейни Мусалла" мешітінде Иранның бұрынғы басшысы Әли Хаменеиді жерлеу рәсіміне дайындық жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мешіт ауласында үлкен платформа орнатылған. Онда Хаменеи мен сол шабуыл кезінде қаза тапқан басқа да адамдардың табыттары қойылады. Платформа маңы бетон блоктармен қоршалып, бұл аймаққа кіру айтарлықтай шектелген.

Жерлеу рәсіміне қатысушылар аптап ыстықтан қиналмауы үшін мешіт ауласында салқындату жүйесі орнатылған. Сондай-ақ аумақта қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Ол жерде көптеген құрылыс техникасы мен крандар жұмыс істеп жатыр.

Жұма, 3 шілде күні мемлекет басшылары, жоғары лауазымды тұлғалар мен діни көшбасшылардың қатысуымен Хаменеиді еске алуға арналған халықаралық ресми рәсім өтеді деп жоспарланған.

Сенбі, 4 шілде күні таңғы сағат 06:00-де адамдар Имам Хомейнидің "Мусалла" мешітіне жиналып, бір минут үнсіздік жариялайды. Осыдан кейін жерлеу рәсімдері басталады.

Хаменеимен соңғы қоштасу және оны жерлеу рәсімі 9 шілдеде Мешхед қаласында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу