Иранда Әли Хаменеидің орнын басатын адам таңдалды, бірақ оны жасырып отыр

275

Иран сарапшылар кеңесі елдің жоғарғы жетекшісінің орнын кім басатынын шешті, бірақ ресми хабарланбады, деп жазады inbusiness.kz сайты BILD басылымына сілтеме жасап.

Иранда Әли Хаменеидің орнын басатын адам таңдалды, бірақ оны жасырып отыр Фото: washingtontimes.com

Иран БАҚ-ының хабарлауынша, шешім Әли Хаменеи қайтыс болғаннан кейін шамамен бір апта өткенде қабылданған және кеңестің көпшілігі ең лайықты деп есептелген кандидатураны қолдаған.

Мемлекеттік ISNA агенттігінің мәліметі бойынша, Кеңестің бір мүшесі дауыс көпшілігімен келісімге келгенін айтты.

Сарапшылар кеңесі Иран конституциясына сәйкес елдің жоғарғы жетекшісін тағайындап, оның қызметін бақылауға жауап береді.

Жарияланған дерек бойынша, жаңа жетекшінің есімін Кеңестің хатшылық басшысы Хосейни Бушехри жариялайды. Қашан ресми түрде хабарланатыны әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу