Иранда арандатушы лаңкестік топ талқандалды

1134

Иранда арандатушы лаңкестік топ талқандалды

Иранда тәртіпсіздіктерге астыртын қолдау көрсетпек болған лаңкестік топ талқандалды. Бұл туралы осы елдің барлау министрлігінің өкілдері мәлімдеген.

Иран аумағына кірген жансыздар халық толқуы кезінде жарылыстар жасап, жазықсыз жандарды қыруды көздеген. Аталған экстремистік топтың мүшелері елдің солтүстік-батысындағы Пираншахр қаласында жергілікті полициямен қақтығысып, 3 тәртіп сақшысын өлтірді. Ұзаққа созылған атыс барысында 1 содырдың көзі жойылып, жараланған қалғандары қамауға алынған. Сондай-ақ, операция кезінде Калашников автоматтары, гранаталар, әскери киімдер мен бүлік шығаруға арналған нұсқаулықтар тәркіленді. Бұған дейін де 3 арандатушы лаңкестік топ әшкере болыпты.

Бүгін БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Ирандағы жағдайды талқылайды. Ашық форматта өтетін отырысқа АҚШ мұрындық болған. Қауіпсіздік кеңесіне қаңтар айында Қазақстан төрағалық етуде.

Естеріңізге сала кетейік, Ирандағы үкімет пен қиын экономикалық жағдайға қарсы ереуілдер былтыр 28 желтоқсанда басталып, қақтығыстан 20-дан астам адам қаза тапқан болатын. Президент Хасан Рухани азаматтарды сабырға шақырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу