Иранда белгісіз біреу кесене маңында адамдарға оқ жаудырды

339

Ол теріс діни ағымдардың бірінің жақтаушысы болуы мүмкін. 

Иранда белгісіз біреу кесене маңында адамдарға оқ жаудырды Фото: strana.ua

Белгісіз ер адам Иранның Шираз қаласында Шах Черах кесенесінде адамдарға оқ жаудырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz IRNA сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, шабуылдаушы ғимарат қақпасында күзетшілермен сөзге келіп, қақтығысқаннан кейін оқ жаудырды. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы жетеуі жарақат алды.

Фарс провинциясының шенеуніктері күдіктінің ұсталғанын және сот органдарына жауап алуға жіберілгенін хабарлады. Шабуылдаушы Ер адам теріс діни ағымдардың бірінің жақтаушысы болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу