Иранда қақтығыстар барысында бірнеше адам көз жұмды

131

Бұл туралы шетелдік БАҚ жазды. 

Иранда қақтығыстар барысында бірнеше адам көз жұмды Фото: Анадолы

Иранда наразылықтар кезінде 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап. 

Fars ақпарат агенттігі мен Hengaw құқық қорғау ұйымының мәліметінше, елдің оңтүстік-батысындағы Лордеган қаласында наразылыққа шыққан халық пен полиция арасындағы қақтығыс болды. Салдарынан екі адам қаза тапты. Тағы үш адам Азна қаласында және бір адам елдің батысындағы Кухдашт қаласында көз жұмған.

1 қаңтар күні елдің әртүрлі аймақтарында валютаның құнсыздануы салдарынан бүлік басталғаны туралы ақпарат тарады.  

BBC-дің Парсы қызметі тексерген видеоларда Лордеган қаласында, Тегеранда және Фарс провинциясының Мардвашт қаласында бейсенбі күні өткен наразылықтар бейнеленген.

Айта кету керек, бұған дейін Иран ақшасы құнсызданып жатқанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу