Иранда қанша қазақстандық студент білім алып жүр?

129

Бұл елде академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша отандық студенттер оқып жатқан жоқ.

Иранда қанша қазақстандық студент білім алып жүр? Фото: media.kpfu.ru

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Иранда білім алып жүрген қазақстандық студенттерге қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі таңда Иранда Қазақстан университеттерінен академиялық мобилділік бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттер жоқ. Өздері сол жаққа барып, дербес білім алып жатқан студенттердің есебі жүргізілмейді", – деді вице-министр.

Айта кету керек, бұған дейін Иран АҚШ-тың ықтимал шабуылы аясында өз әуе кеңістігін жапқанын жазғанбыз. Air Astana ұшақтары Иранның аспанын айналып ұшатын болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу